Домой Жаңалықтар Журналистер үшін жалға берілетін баспана салынбайды

Журналистер үшін жалға берілетін баспана салынбайды

47
0

Журналистер үшiн арендалық баспана салынбайды. Бұл туралы бүгiн Астанада Орталық коммуникациялар қызметiнде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингi» АҚ басшысы Қуандық Бишiмбаев мәлiм еттi-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы бағдарлама бойынша журналистерге арнап арендалық тұрғын үйлер салынбайды. Ол тек жергiлiктi әкiмдiктерде пәтер кезегiнде тұрған азаматтарға берiледi. Пәтерлердi беру процедурасы бағдарламада толық жазылған. Бiрақ ол үшiн алдымен жергiлiктi басқарушы органдарға барып, кезекке тұру қажет. Тек сол кезде ғана пәтер ала аласыздар», — дедi ол тiлшiлердiң сауалына берген жауабында.

Айта кетейiк, бұның алдында журналистер арзан арендалық тұрғын үйлердiң екiншi санатына жатқызылады деп хабарланған болатын.