Домой Жаңалықтар Қостанайда 1 330 саяжай мемлекет меншігіне қабылданды

Қостанайда 1 330 саяжай мемлекет меншігіне қабылданды

38
0

Қостанайда 1 330 қараусыз қалған саяжай мемлекет меншігіне өтті. Мемлекеттік қорға өткен жер жергілікті бақша қоғамында тілек білдірушілерге жалға берілетін болады. Бұл туралы Қостанай ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бастығы Қайрат Сәндібеков хабарлады.

«Тілек білдірушілер өздеріне ұнаған учаскені қарап шығып, жалға алуға әзір екендігін айтады, — деді Қ. Сәндібеков. — Олар жер инспекциясына жүгінуі қажет. Жалға алушыларға қойылатын басты талап — адал шаруашылық жүргізу».

Қостанайда 21 бау-бақша қоғамы болса, онда 22 мыңнан астам учаске бар. Қараусыз қалған бақшаларға түгендеу жүргізілді, учаскелерді мемлекеттік меншікке қайтару жұмыстары жалғасуда.