Домой Жаңалықтар Бүгін қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың дүниеге келген күні

Бүгін қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың дүниеге келген күні

102
0

Бүгін қазақтың қаһарман қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың (1924-1944) дүниеге келген күні.

 Әлия Ақтөбе облысының Қобда ауданында туған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген. Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербордағы №9 мектепте білім алды. 1942 жылы өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, мергендер мектебін үздік бітірді. 1943 жылдың тамызынан 2-ші Прибалтика майданында 26-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Ефрейтор Ә.Молдағұлова асқан мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансысының маңында болған ұрыста Әлия жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Қазақтың батыр қызы туралы кітаптар жазылды, кинофильм түсірілді, ән шығарылды. Ақтөбеде мемориалдық музей ашылған, үлкен даңғылға Ә.Молдағұлова есімі берілген. Ресейдің Санкт-Петербор және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстарындағы ондаған мектептер, көшелер Ә.Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.