Домой Жаңалықтар Қостанайда өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылды

Қостанайда өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылды

51
0

Қостанайда «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанынан Өңірлік іскер әйелдер кеңесі құрылды. Жаңа бірлестіктің басты міндеті — әйелдерді кәсіпкерлікке тарту және олардың кәсіби дамуы мен мансап жолымен өсуі үшін тең мүмкіндік жасау, деп хабарланған ҰКП сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Кеңес кәсіпкерлікке тарту міндетімен бірге ісін жүргізіп отырған бизнес саласындағы әйелдер қауымы үшін де пайдалы болмақ. Оларға тұрақты негізде көптеген мәселелер бойынша, сонымен қатар экспорттық әлеуетті және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін кеңейту жөнінен ақыл-кеңестер беріледі.

«Қазақстандық әйелдер «Атамекен» Ұлттық палатасының жаңа бастамаларын белсенді түрде қолдап, осылайша еліміздің экономикасы мен әл-ауқатының өсуіне үлес қосады деген сенімдемін», — деп атады ҰКП төралқа төрағасы хатшылығының басшысы Ләззат Рамазанова.

Қостанайдың Өңірлік әйелдер кеңесін «Қазақстанның Халық банкі» АҚ филиалы директоры Гүлмира Ахметова басқарады. Алғашқы отырыста ол бұл жұмыстың жеңіл болмайтынын, үлкен еңбекті қажет ететінін баса айтты.

«Әйелдер бастамасы ерлердікінен жасампаз, шығармашыл идеяларымен, оларды өркендетумен ерекшеленеді. Бизнесте ерлермен теңескіміз келеді, барлық жерде гендерлік құқықтың сақталғанын қалаймыз», — деп мәлім етті Гүлмира Ахметова.