Домой Жаңалықтар Қостанай өңірі Қарағанды облысының тұрғындарына азық-түлік жөнелтеді

Қостанай өңірі Қарағанды облысының тұрғындарына азық-түлік жөнелтеді

64
0

Қостанай облысы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Су тасқынынан 35 ауыл зардап шегіп, 6500 адам басқа жерге көшіріліп, үш адам қаза тапты. Қызыл су жолдарды, көпірлерді, ондаған үйлерді қиратты. Қарағанды облысына зардап шеккендерге көмек көрсету үшін ел үкіметі 1 млрд теңге бөлді.

Бұдан басқа еліміздің көптеген өңірлері көмек қолын созуда. Облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыповтың сөзінше 100 тонна азық-түлік жөнелтілмек. 40 тонна ұн, 25 тонна картоп,7 тонна макарон, 2 тонна консерві, 40 мың дана жұмыртқаны осы бейсенбіде жөнелту жоспарланды.