Домой Жаңалықтар Қостанай облысының әкімі ақын Серікбай Оспановты 70 жылдығымен құттықтады

Қостанай облысының әкімі ақын Серікбай Оспановты 70 жылдығымен құттықтады

93
0

Қостанай облысының әкімі ақын Серікбай Оспановпен,

тарихшы-этнограф Қойшығара Салғараұлымен кездесті. Осы кездесу аясында Нұралы Сәдуақасов Серікбай Оспановты 70 жылдық мерейтоймен құттықтады. Журналистика факультетін аяқтаған соң ақын түрлі жылдары республикалық радиода, басылымдарда еңбек етті. Бүгінде ол Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі. Серікбай Оспанов 200-ден астам әннің авторы. 

Оның әндерін Валентина Толкунова, Айжан Нұрмағамбетова, Бақыт Шадаева басқа да танымал әншілер орындады. Оның  балаларға арналған шығармалары бастауыш сыныптардың оқулығына кірген. Ақын жерлесіміз түрлі республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы болып табылады.