Домой Жаңалықтар «Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ережесі өзгерді

«Болашақ» стипендиясын тағайындаудың ережесі өзгерді

61
0

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов «Болашақ» стипендиясын тағайындау ережесіне енгізілген жаңалықтарды айтып берді.

«Биыл Үкімет Қаулысымен жаңа ережелер қабылданды. 13 сәуірден бастап біз «Болашақ» бағдарламасына құжаттарды қабылдауды бастадық. Ағымдағы жылы құжаттарды қабылдайтын науқан үшке бөлінді»,-деді ол.

Өткен жылғыдай құжаттарды өзіндік күшімен түскендер, мемлекеттік қызметкерлер мен ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, ЖОО түлектері, мәдениет қызметкерлері мен БАҚ өкілдері тапсыра алады. Сонымен қатар биыл инженерлер, медициналық және ғылыми-педагогикалық қызметкерлер үшін тағылымдама бағдарламасы жалғасады.

Квоталық санаттағы өкілдер тілдік курстарға барар алдында IELTS-тің ең төменгі деңгейі 4.0 құрауы тиіс.

«Биылғы қыркүйек-қазаннан бастап барлық квотамен түсушілердің тілдік дайындығы 6+6 жаңа моделімен жүргізіледі. Яғни, алғашқы алты айда әрбір квоталық стипендиат Қазақстандағы екі орталықтың базасында тілдік  дайындықтан өтеді. Осыдан кейін ағылшынша ауызекі сөйлеуді және академиялықты толық меңгеру үшін шетелге алты айға барады»,-деді Нығыметов.

Осы орайда ол тілдік дайындық квота иегерлеріне 18 айдан 12 айға дейін қысқарғанын атап өтті. Өзіндік күшімен түскендер тілдік дайындыққа мұқтаж емес, сондықтан да олар шетелдік жоғары оқу орындарынан шақырту ұсынылған жағдайда  бірден академиялық оқуға жіберіледі.Сөз соңында Нығыметов докторантураға түсетін үміткерлер үшін дипломның орташа балының шекті деңгейі 5-тен 4-ке дейін төмендетілгенін атап өтті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.