Домой Жаңалықтар Қостанайда 20 адам сайлауда бақылаушыларды үйлестіруші куәлігін алды

Қостанайда 20 адам сайлауда бақылаушыларды үйлестіруші куәлігін алды

54
0

Қостанайда 26 сәуірде өтетін ҚР Президенттік сайлауына байқаушыларды үйлестіруші куәлігін 20 адам алды.

Үйлестірушілер сайлау учаскелері жұмыстарының ашықтығын куәландыру үшін бекітілді. Қостанайлық үйлестірушілер дайындық курсынан өтті, онда олар бақылау комиссиясы жұмыстарын ұйымдастырудың заманауи талаптарға сәйкес келуін оқып-үйренді.

Әр 20 үйлестірушінің 10-нан 50-ге дейін байқаушысы бар.
«Қостанай облысында сайлаудың ашық өтуін шамамен 900 бақылаушы бақылайды. Үйлестірушілер сайлау күніндегі бақылау рәсімдерінің дұрыстығы мен заңдылығын қамтамасыз етеді. Олардың жұмысы негізінен, дауыстарды есептеу, сайлау комиссиясының хаттамасымен таныстыру», — деді сайлауды бақылау қоғамдық комиссиясының басшысы Тамара Жақыпова.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.