Домой Жаңалықтар Қазақстанда отқа жанбайтын үйлер пайда болады

Қазақстанда отқа жанбайтын үйлер пайда болады

55
0

Қазақстанда өрттi азайтуға болады. Бұл үшін жаңа инновациялық құрылыс материалдары қолданы­луы тиіс. Бүгінде әлемде қызыл жа­лын жоя алмайтын заманауи мате­риалдар ойлап табылған екен.  

Елімізде олардың біразы елордадағы ЭКСПО – 2017 жаһандық көрмесі құрылысында сыналып көрмек. Осы жерден бүкіл елімізге тәжірибе болып тарайды деген үміт бар.

Әлемдегі дамыған елдер өз елдерінің озық ғылыми-техникалық жаңалықтарын Қазақ елінің бас қаласындағы көрме аясында паш етуге ендігі кірісіп кетіпті. Әрине, әзірге олар республикамызға жаһандық көрме кешенін тұрғызуда керек болатын инновациялық шешімдерін ұсынуда. Оларды бағамдап, қай үздігін білу үшін кеше Астанада «ЭКСПО – 2017 – заманауи құрылысқа бағдар» атты екі күндік халықаралық конференция өз жұмысын бастады.

Бұл жиынға отандық құрылыс индус­триясы үлкен қызығушылық білдіріп отыр. Кеше журналистерге сұхбат берген Қазақстандық құрылыс материалдары өнеркәсібі қауымдастығының президенті Марал Томпиев енді елімізде құрылыс алаңдарында жаңа оттан қорғаушы технологиялар пайдаланыла бастай­тын­дығын мәлімдеді. Яғни қазірден барлық нысандарды оттан қорғайтын және отқа төзімді материалдардан тұрғызуға кіріс­сек, мемлекетімізде жылдар өткен сайын өрт саны кеми беруге тиіс. Айтқандай, әлемдегі ірі құрылыс материалдарын өнді­руші болып саналатын атақты неміс компаниясының жаңа өнімі жиын ая­сында таныстырылды оны қанша отқа тоссаң да, жанбайды екен.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.