Домой Жаңалықтар Қарабалық ауданында жалған жүргізуші куәлігімен жүрген азамат жазаланды

Қарабалық ауданында жалған жүргізуші куәлігімен жүрген азамат жазаланды

100
0

Қостанай облысы Қарабалық аудандық соты жалған жүргузіші куәлігімен автокөлік жүргізген 1991 жылы туған азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат

Қарабалық ауданы аумағында орналасқан «Рубеж» полиция бекеті қызметкерлері РФ мемлекеттік номерімен жүрген автокөлік құжаттарын тексерген кезде жігіттің жүргізуші куәлігінен айырылғаны және жалған құжатпен жүргені анықталған.

Сот үкімімен ол ҚР ҚК 385-бабы 3-бөл. бойынша кінәлі деп танылып, оған 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 49 550 теңге айыппұл салынды.