Домой Жаңалықтар Қостанай шекарасында есірткімен ұсталды

Қостанай шекарасында есірткімен ұсталды

57
0

Қостанай шекара отрядына қарасты «Қайрақ» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімшесінің әскери қызметшілері Мемлекеттік шекарадан есірткі затын алып өтпек болған азаматты ұстады.

Қазақстандық азамат жеңіл автокөлікпен Қостанайдан Ресейдің Челябі қаласына жол тартқан. Шекара бөлімшесінде көлік және жолаушы шекаралық тексеруден өтуі тиіс еді. 

Сол кезде көлік жүргізушісінің іс-қимылы қырағы шекарашыларда күдік туғызды. Ер адамды жеке тексеруге алғанда оның  сыртқы киімінің қалтасынан жалпы салмағы шамамен 25 грамм болатын «гашиш» есірткі заты табылды.  

Аталмыш дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.