Домой Жаңалықтар Жаңа жылу маусымынан бастап қостанайлықтар жаңа тарифпен төлейді

Жаңа жылу маусымынан бастап қостанайлықтар жаңа тарифпен төлейді

109
0

Қостанай жылу кәсіпорны 1 мамырдан бастап дифференциялық тариф енгізілетінін хабарлады. Енді орталық жылу жүйесіне қосылған тұтынушылар түрлі төлем жүргізбек. Үйлерінде жылу есептегіштері орнатылғандар азырақ, ал есептегіш жоқтар көбірек төлейді. 

1 мамырдан бастап жылу есептегіші бар үйде бір гигокалория қосымша құн салығынсыз 2000 теңгеге ,ал есептегіш орнатылмаған үйлерде 4 337 теңгеге шығады.Есептегіш орнатқан заңды тұлғалар 5 жарым мың теңге, ал есптегіш орнатпағандар 10 000 теңге төлемек. Қазіргі таңда бағалар Қостанай облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінде келісілуде.