Домой Жаңалықтар Елімізде соңғы бірнеше жылда трансплантация бойынша 200-ден астам ота жасалды

Елімізде соңғы бірнеше жылда трансплантация бойынша 200-ден астам ота жасалды

72
0

Алматыда Қазақстан хирургтарының VI конгресі өтуде. Оған АҚШ, Еуропа және Орталық азия елдерінің ғылыми, білім беру және медициналық мекемелерінен 100 астам маман қатысуда. 

Конгресс аясында ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына енгізу мақсатында отандық хирургия қызметін дамыту, азаматтардың денсаулығын нығайту және хирургиялық патологиядан болатын өлім-жітімді азайту мәселелері талқыланды.

«Қазіргі уақытта шет елде оқып келуге емес, шет елдік мамандардың Қазақстанның клиникаларына келіп шеберлік сыныптарын өткізу жағына басымдық берілуде. Осылайша біз білімін жетілдірушілер санын едәуір арттыратын боламыз. Қазір адамның дене мүшелерін трансплантациялау әлемдік мәселеге айналып отыр. Қазақстанда бұған дейін бұл салада жылына санаулы ғана операция жасалып келді. Соңғы кездері бұл салаға мемлекет тарапынан жіті көңіл бөлінуде. Соның арқасында соңғы бірнеше жыл ішінде трансплантация бойынша елімізде 200 астам операция жасалды. Бұл жақсы көрсеткіш», — деді вице-министр.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.