Домой Жаңалықтар Қостанай облысының әкімі «Үміт» қоғамдық бірлестігіне көлік сыйлады

Қостанай облысының әкімі «Үміт» қоғамдық бірлестігіне көлік сыйлады

46
0

Облыс әкімі Нұралы Садуақасов жақында «Үміт» қоғамдық бірлестігінде болғанда темір тұлпар сыйлауды уәде еткен еді.Сол уәдесінде тұрып, 16 орындық «Ивеко» автокөлігінің кілтін қоғамдық бірлестік төрайымы Аруна Жақсығұловаға сыйлады.

«Ивеко» темір тұлпары отандық. Қостанайда жасалған. «Тобыл» ӘКҚ өзінің әлеуметтік салаға қолдау көрсету міндетін орындап, автокөліктің мүгедек жандар игілігіне пайдалануы үшін жағдай жасады. — Осындай үлкен сый жасағаныңызға алғысымыз шексіз. Енді біздің ұйымның ауқымын кеңейтіп, облысты аралап, мүгедек жандарға барынша қолдау көрсетуге зор мүмкін ашылды – деп өз ризашылық білдірді Аруна Жақсығұлова. Темір тұлпарды сынап көрейік деп әзілдеген аймақ басшысы бірлестік мүшелерімен бірге  шағын автобуспен көшені бір айналып келді.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.