Домой Жаңалықтар Келесі аптада Қостанайдағы көп қабатты үйлерде жылу тоқтатылады

Келесі аптада Қостанайдағы көп қабатты үйлерде жылу тоқтатылады

51
0

Ал мамырдағы мерекелерден соң ыстық су тоқтатылады. Қостанай жылу кәсіпорны директорының орынбасары Валерий Солодов хабарлағандай 11 мамырдан 1 маусымға дейін ыстық су болмайды. Жоспар бойынша көктемгі шаю және опрессовкалау жұмыстары 13-14-15 мамыр аралығында КСК ауданындағы №2 қазандықта,16 мамырда КЖБИ ауданында №3 қазандықта жүргізіледі. 17 мамырдан 1 маусым аралығында жылу қызметкерлері желілердегі ақауларды анықтап, жөндеу және алдын-алу жұмыстарын жүргізеді. 

. Еске салсақ, биыл 3 шақырым жылу желісі қалпына келтіріледі. Осыған байланысты Журавлев-Алтынсарин-Чехов-Әл Фараби көшелеріне шекаралас үйлер, КСК ауданындағы бірқатар үйлер, сондай-ақ Алтынсарин көшесіндегі «Жаңа қала» кешені ыстық судан ажыратылады.