Домой Жаңалықтар Қостанай өңірінде ер адамдарды емдейтін дәрігер тапшы

Қостанай өңірінде ер адамдарды емдейтін дәрігер тапшы

108
0

Бүгінгі күні облыс бойынша 270 дәрігер маманы жетпейді. Маман тапшылығының зардабын «Андрофарм» ЖШС көріп отыр. Аталмыш мединалық қызмет көрсету орыны бүгінгі заманауи технологиямен толық жабдықталған. Облыста тіркелген урологиялық науқастардың 48% осында емделеді екен. Ота микрохирургиялық құралдар арқылы жасалады. Адам пышаққа ілінбей, отадан кейін тез аяғынан тұрып кетеді.

Соңғы жылдары ер адамдардың қуықалды безінің ісік ауруларына шалдығуы жиі кезедседі. Мәселен өткен жылы «Андрофарм» ЖШС медициналық клиникасы 72 ердің ауыр дертін анықтаған. Сондықтан дерттің алдын алу мақсатында андрологиялық ем жасауды кеңейту жоспарлануда. Материалдық жағынан оған мүмкіндік кең. Тек кадр тапшылығы қол байлау болып отыр. Дәрігер жетіспеушілігінен жеке меншік медицина мекемесі мемлекеттік тапсырыс ала алмай отыр. Өткені жеңілдетілген бағамен келген ауруларға қызмет көрсетуге адам жетіспейді. «Андрофарм» ЖШС директоры Сағынтай Торғаев стационарлық бөлімдегі 50 орынға тағы да 20 қосып, кеңейте алатынын айтты  облыс әкімі Нұралы Садуақасовпен болған кездесуінде. Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.