Домой Жаңалықтар Бүгін 22:00-де сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала деректер жарияланады

Бүгін 22:00-де сайлаушылардың келуі туралы алдын-ала деректер жарияланады

43
0

22-00-де ҚР ОСК  төрағасының орынбасары Владимир Фоос сайлауға сайлаушылардың келуі туралы алдын ала деректерді жария етеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.

«Күні бойы біз сіздердің назарларыңызға жалпы республика мен өңірлер бойынша сайлаушылардың белсенділігі мен келуі туралы жедел деректерді ұсынып отырамыз. Сондай-ақ, баспасөз орталығында  ҚР Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдерінің брифингтері өтеді. Сағат 22.00 шамасында Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары В.Фоостың брифингі өтеді. Оның аясында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына сайлаушылардың келуі жөніндегі алдын ала деректері жарияланады», — деді Б.Мелдешев.

Комиссия хатшысының айтуынша, еліміз бойынша 9741 сайлау учаскесі бар.

«Ақмола облысында 808, Ақтөбе облысында 521, Алматы облысында 883, Атырау облысында 232, Шығыс Қазақстан облысында 1079, Жамбыл облысында  461, Батыс Қазақстан облысында 520, Қарағанды облысында 784, Қызылорда облысында  345, Қостанай облысында 847, Маңғыстау облысында 177, Павлодар облысында 576, Солтүстік Қазақстан облысында 709, Оңтүстік Қазақстан облысында 1029, Астана қаласында 254 және Алматы қаласында 513 сайлау учаскесі жұмыс істейді», — деді ол.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.