Домой Жаңалықтар Қостанай облыстық ауруханасында емделушілер дауыс берді

Қостанай облыстық ауруханасында емделушілер дауыс берді

92
0

Ажар Сейітқанова осыдан екі-үш күн бұрын егіздерді бір ұлы, бір қызды дүниеге әкелді. Енді бүгін 26 сәуірде перзенттерімен бірге дауыс беріп жатқанына қуанышты.Егіздерге Әлнұр, Айлана деп есім қойыпты. Ол сәбилерінің болашағына бей-жай қарамай, келешектері  жарқын болсын деп мемлекет басшысын сайлап жатқанын айтады.

Облыстық ауруханада орналасқан №8 сайлау учаскесі таңертең ертемен 6:00-де ашылып, 7:00-де науқастар дауыс беруге келді. №8 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Иван Янценнің сөзінше ауруханадағы сайлау учаскесіне 3 емдеу мекемесі, яғни перинаталдық орталық, «Гиппократ» медициналық мекемесі және облыстық аурухана бөлімшелері бекітілген. Жалпы сайлаушылар тізімінде 393 адам бар. Таңертеңнен белсенділік жоғары.Ауруханада төсектерінен тұра алмайтындарға жылжымалы урнаны апарып береді.Осылайша сырқаттарына байланысты өз аумақтарында дауыс бере алмайтындарға мүмкіншілік жасалды.