Домой Жаңалықтар Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жария етті

Орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің алғашқы нәтижелерін жария етті

72
0

Республика бойынша сайлаушылардың белсенділігі жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ҚР ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен айтты.

«Сіздерге Орталық сайлау комиссиясының Қазақстан Республикасы Президентін сайлауда сағат  10.00-ға сайлаушылардың дауыс беруге келуі туралы мәліметті бермекпіз. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, 26 сәуірдегі сағат 10-00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген  сайлаушылардың 19,17 пайызы сайлау бюллетенін алды», — деді комиссия мүшесі.Л.Сүлейменнің атап өтуінше, олардың ішінде, Ақмола облысы бойынша — 23,48,  Ақтөбе облысы бойынша — 16,8, Алматы облысы бойынша — 26,10, Атырау облысы бойынша —  11,13, Шығыс Қазақстан облысы бойынша — 27,31, Жамбыл облысы бойынша — 21,69, Батыс Қазақстан облысы бойынша — 12,11, Қарағанды облысы бойынша — 21,6, Қызылорда облысы бойынша — 22,03, Қостанай облысы бойынша — 27,61, Маңғыстау облысы бойынша  — 16,92, Павлодар облысы бойынша — 21,32, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша — 26,45, Оңтүстік Қазақастан облысы бойынша  -13,89,  Астана қаласы бойынша — 12,92, ал Алматы қаласы бойынша — 8,33 пайызды құрайды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.