Домой Жаңалықтар Н.Назарбаевқа 97,5 пайыз сайлаушылар дауыс берді

Н.Назарбаевқа 97,5 пайыз сайлаушылар дауыс берді

37
0

 Еxit-poll мәліметтері бойынша Н.Назарбаевқа 97,5 пайыз сайлаушылар дауыс берді-деп хабарлады Демократия институтының директоры Юлия Кучинская ОКҚ-де өткен брифингте. 

«Елімізде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлау барысында Демократия институты барлық өңірлерде жалпыұлттық exit-poll жүргізді», — деп атап өтті Юлия Кучинская.

Қазіргі президенттік сайлауда халықаралық және қазақстандық сарапшылардың мәліметтері бойынша тарихта тұңғыш рет сайлаушылардың теңдессіз, рекордты қатысуы  атап өтілген.Мұндай сайлау өткізу және осындай тарихи жоғары көрсеткіште қатысуды байқаушылар өзге елдерден ешқашан да көрмеген. Бүгінде қазақстандықтардың Президент сайлауына қатысу деңгейін сенсация деп бағалауға болады — еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін барлығы отбасыларымен, еңбек ұжымдарымен таңертеңнен сайлау учаскелеріне ағылды.Сайлау учаскесі ашылмай тұрып кезекке тұрған сайлаушылар ағыны жабылғанға дейін толастаған жоқ.Жәрмеңкелер мен концерттер ұйымдастырылып, сайлау жалпы халықтық мерекелік көңіл-күйде өтті.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.