Домой Жаңалықтар Қостанайда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

Қостанайда ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өтті

79
0

Облыс орталығында сенбілік ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесі өтті. Оған өңіріміздің аудан, қалаларынан жүзден астам жеке шаруашылық иелері қатысты.

Таңертеңгі сағат 10.00 де басталған жәрмеңкеге халық көп жиналды. Халық ауа-райының қолайсыздығына қарамастан арзан тауар алуға асыққандай. Бұл жолы да жұмыртқа мен ет сатушылардың саудасы қыза түсті.

Себебі осы аталған тауар түрлеріне сұраныс мол. Өзге де тауарлардың бағасы көк базардан әлде қайда төмен. Мәселен, сиыр етінің келісі 800 тг, шошқа етінің келісі 850 тг, жылқы етінің келісі 1000 тг. Жұмыртқаның бағамы 120-140 теңге. Мұндағы сауданың жай-жапсарымен танысу үшін облыс әкімі Нұралы Садуақасов жәрмеңкеге арнайы барып, сатушылар мен тұрғындардың ой-пікірін білді. Отандық өнімге деген сұраныс деңгейін көрді.

Жәрмеңкенің арқасында халық төмендетілген бағамен керекті тауарларды алып жатыр. Саудаға шыққан азық-түліктің неше алуан түрі бар. Бағасы да көңілге қонымды, қолжетімді. Бір қуантарлығы, жергілікті өнімге деген сұраныс мол екен,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.

Жыл басынан бері өңірдегі сауда орталықтарында «Қостанайда жасалған» деген логотип ілінгені белгілі. Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.