Домой Жаңалықтар Әлемде тағамнан және судан болатын аурулардан жылына 2 млн адам көз жұмады

Әлемде тағамнан және судан болатын аурулардан жылына 2 млн адам көз жұмады

78
0

Дүние жүзінде жылына құрамында ауру тудыратын бактериялары, вирустары немесе зиянды химиялық заттары бар қауіпті, әрі сапасыз тағам өнімдері – диареядан бастап онкологияға дейін әкелетін 200-ден аса ауруға себеп болады. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, тағамнан және судан болатын аурулардан жыл сайын әлемде 2 миллионға жуық адам көз жұмады екен. Бұл туралы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

 2015 жылы 23 сәуірде Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің (ҚДСЖМ) эпидемиология және тұтынушылар құқығын қорғауды ұйымдастыру кафедрасы ДДСҰ оқулары аясында «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» деген тақырыпта семинар-тренинг өткізді.
ҚДСЖМ білім беру алаңында семинар-тренинг қатысушылары біз пайдаланатын тағамдардың қауіпсіздігі бойынша өзекті мәселелерді талқылай отырып, семинар-тренинг қатысушылары осы тақырып төңірегінде пайдалы ақпараттарды алды және тағам өнімдерінің қауіпсіздігі басты мәселе болып табылатын пікірлестердің-серіктестердің командасын құрды.
ҚДСЖМ ректоры, м.ғ.д. Ж.А.Қалматаева өз сөзінде мұндай іс-шаралардың кең масштабта өтетіндігін, тұтынушы ретінде біздің әрқайсымыз көптеген пайдалы ақпараттарды алғанымыз және бүгінгі күннен бастап тағам өнімдері қауіпсіздігінің 5 негізгі қағидатын ескеретінміз туралы айтты. Сонымен қатар бұл іс-шара осы бағыттағы жұмыстарды бұдан әрі жүргізу үшін серіктестермен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Бұл туралы baq.kz хабарлайды.