Домой Жаңалықтар Қостанайдағы Жеңімпаздар форумына мыңдаған адам жиналды

Қостанайдағы Жеңімпаздар форумына мыңдаған адам жиналды

27
0

Қостанай қаласының мұз сарайында Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президенті болып сайлануын жақтаған мыңдаған адам жиналған Жеңімпаздар форумы өтті.

Студенттер, қызметкерлер, жұмысшылар, бизнесмендер, мектеп оқушылары, облыстық сайлау штабының қызметкерлері сайлау қорытындылары туралы ақпаратты үлкен қуаныш және қошеметпен қарсы алды. Олар «Нұрсұлтан — Қазақстан!» деп ұрандатты.

«Нұрсұлтан Назарбаев үшін қазақстандықтардың 97,7 пайызы дауыс бергенін естігенде, бұл сандар жарқын, дәлелді, сенсациялық, күтіліп отырған жеңісті көрсетіп отырғаны белгілі болды. Сайлау туралы бүгінде халықаралық байқаушылар мен саясаткерлер осылай айтып отыр. Біз сайлау нәтижесіне күмән келтірген жоқпыз. Қазақстан халқы Мемлекет басшысының айналасында бірігуін және оның елді дамыту идеяларына адалдығын танытты. Біз өз елімізді, көшбасшымызды мақтан тұтамыз!», — деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов. 

Облыстық сайлау комиссиясының мәліметтерінше, Қостанай облысында сайлауға дауыс беру құқығына ие азаматтардың 96,8 пайызы келген. Сайлау комиссиясына дауыс беру барысына қатысты шағымдар келіп түскен жоқ. Қостанай облысында 544 мың 153 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру күні 847 сайлау учаскесі ашық болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.