Домой Жаңалықтар Нұрбол Жұмасқалиев тағы бір рекордты жаңартты

Нұрбол Жұмасқалиев тағы бір рекордты жаңартты

62
0

Қазақстан футболында Нұрбол жаңартпайтын рекорд қалмайтын секілді. «Тобыл» капитаны Қазақстан біріншілігі тарихындағы ең көп ойын өткізген футболшы атанып отыр.  

Бұған дейін Қазақстан біріншілігінде ең көп ойын өткізген марқұм Серік Жейлітбаев болатын. Сол рекордты 7-турда Нұрбол Жұмасқалиев қайталаған еді. Ал 9-турда бұл рекорд жаңарды. Енді ел біріншілігінде ең көп ойын өткізген футболшы Жұмасқалиев.

Еліміздің үздік ойыншыларының бірі болған Серік Жейлітбаев 2013 жылы 38 жасқа қараған шағында дүниеден озғаннан кейін, ҚФФ Премьер-лигада ең көп ойын өткізген футболшыға Жейлітбаев атындағы жүлде тағайындады. Бұл сыйлыққа биыл алғашқы болып «Ертіс» капитаны Самат Смақов ие болды.Бұл туралы baq.kz хабарлайды.