Домой Жаңалықтар Өмір бойына бас бостандығынан айрылған Денис Лесниковтың аппеляциялық шағымы жуырда Қостанай облыстық...

Өмір бойына бас бостандығынан айрылған Денис Лесниковтың аппеляциялық шағымы жуырда Қостанай облыстық сотында қаралады

74
0

12 мамырда Қостанай облыстық сотында 1983 ж.т. Д.Лесников пен оның адвокатының жазаны жеңілдету, өмірлік бас бостандығынан айыруды нақты мерзімге ауыстыру  туралы шағымы қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында қаралады.  Лесников аса қатыгездікпен бірнеше ауыр қылмыс жасауда, яғни, ҚР ҚК 175 бабы 2 бөл. «б» тар., 120 бабы 4 бөл., 121 бабы 4 бөл., 96 бабы 2 бөл. «в, и, к, н, о» тар. бойынша кінәлі деп танылып, ағымдағы жылдың 6 наурызында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ерекше тәртіптегі түзету колониясына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

Қылмыстық іс материалдары бойынша,  2011 жылдан 2014 жыл аралығында  Лесников бес ұрлық жасаған, кәмілеттік жасқа толмаған баланы ұрлап, кәмілетке толмағандарға қатысты екі зорлық жасаған  және 4 кісіні өлтірген.

Облыстан тыс аумақта да қоғамда үлкен резонанс тудырған кәмілеттік жасқа толмаған бірінші сынып оқушысы Виктория Ганяны ұрлау және өлтіру ісі  де  оның еншісінде. Қыз баланы жақындары, полиция қызметкерлері, әскерилер, еріктілер іздеді. Алайда, бір айдан кейін баланың өлі денесі табылған болатын.Бұл туралы Қостанай облыстық соты хабарлайды.