Домой Жаңалықтар Телеарналар әлеуметтік жарнаманы тегін көрсететін болады

Телеарналар әлеуметтік жарнаманы тегін көрсететін болады

86
0
0

Телеарналар мен радиоарналар әлеуметтік жарнаманы тегін көрсететін болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына қатысты баяндама жасаған министр әлеуметтік жарнама рөлін күшейту көзделгендігін атап өтті.

«Әлеуметтік жарнаманы кеңінен тарату арқылы қоғамның әдептік-мәдени тәрбие деңгейін арттыру, сондай-ақ елдің имидждік саясатын ілгерілету үшін заң жобасы әлеуметтік жарнаманы күшейту мақсатында міндетті  теле-, радиоарналар үшін ақысыз негізде ай ішіндегі жалпы жарияланым көлемінің кемінде бір пайызы мөлшерінде әлеуметтік жарнаманы  орналастыру міндеті енгізіледі», — деп атап өтті ол.

Қ. Бишімбаевтың сөзінше, ақысыз негізде әлеуметтік жарнаманы орналастыру тәртібі ақпарат және коммуникациялар саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді.

Соған байланысты «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңға толықтырулар енгізілмек. Сондай-ақ ИКМ әлеуметтік жарнаманы жасау және міндетті теле-, радиоарналарда орналастыру қағидаларын бекітуге құзыретін беруге қатысты өзгерістер орын алады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here