Домой Жаңалықтар Заречный ауылындағы ескеркішті қиратқан күдікті қолға түсті

Заречный ауылындағы ескеркішті қиратқан күдікті қолға түсті

76
0

Қостанай ауданындағы Заречный ауылындағы Ұлы Отан соғысының жауынгерінің ескерткішін қиратып кеткен күдікті қолға түсті.

Бұл туралы Қостанай ауданының полиция қызметкерлері хабарлады. Еске салсақ Заречный ауылында ескерткіш бассыз қалған еді. Ауыл тұрғындары соғыста қаза тапқандардың есімі жазылған мемориалдық тақтаның жаннындағы ескерткіштің басы жұлынып қолы, денесі зақымданғанын көрген. Ескеркіш орнынан алынды, енді оны қалпына келтірмек. Полицияның мәліметі бойынша ескеркішке қарсы орналасқан мектептің күзетшісі жекесенбіге қараған түні біреу темірді соққылап жатқанын естіген, бірақ жұмыс орнын тастап кете алмаған. «Бөтеннің мүлкін ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ең алдымен түрлі-түсті метал қабылдайтын орындар тексерілді. Қолды болған бастың салмағы шамамен 15 келіні құрады. Кейін белгілі болғандай қаскүнем оны бар болғаны 6 мың 400 теңгеге сатқан. Қостанай аудандық ІІБ басшысының орынбасары Сергей Бугайдың айтуынша  қаскүнем бұрын ұрлық үшін сотталған 1991 жылы туылған жергілікті тұрғын болып шықты.Ол оқиғаның мән-жайын айтып берген. Қазір тергеу шаралары жүргізілуде.