Домой Жаңалықтар Жангелдин ауданында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалім жазаланды

Жангелдин ауданында жалған дипломмен жұмыс істеген мұғалім жазаланды

286
0

Жангелин аудандық соты бірнеше жыл ауылдық мектепте жалған дипломмен  жұмыс істеген азамат С-ға қатысты ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі (көрiнеу жалған құжатты пайдалану) бойынша қылмыстық істі қарады.

Жауапкершілікке тартылушы С. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық иститутында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша  жоғары білім туралы дипломмен ауданның «Сарысу негізгі мектебі» КММ-де дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Сот отырысында сотталушы  өз кінәларын толық мойындап, істеген істеріне өкінетіндерін, келтірілген залал құнының төлейтінін айтып көрсеткен.

Судья сотталушыны, жәбірленуші өкілін, прокурордың қорытындысын тыңдап және істегі құжаттарды зерттеп қылмыстық теріс қылық жасады деген айыпталған  С-ны ҚР ҚК-нің 385 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танып, оған 50 АЕК көлемінде, яғни 106 000 теңге айыппұл салу түрінде жаза тағайындалды-деп хабарлайды облыстық сот.