Домой Жаңалықтар Жас өнертапқыш Smart Бесік-2 жобасын қолданысқа шығармақ

Жас өнертапқыш Smart Бесік-2 жобасын қолданысқа шығармақ

179
0

Жас өнертапқыш, Smart Бесік жобасының авторы Серікбол Шаймардан жаңа жобасын ұсынуға әзірленіп жүр, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Серікбол Шаймардан 1990 жылы 26 шілдеде Шыңжаңның Алтай аймағында дүниеге келген. 2007 жылы атажұртқа қоныс аударған ол орта мектепті Өскемен қаласында бітіріп, 2009 жылы Астанадағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық факультетіне түсіп, магистратурасын да бітіреді.

Бүгінге дейін 20-ға жуық тапқырлық жаратып, біразын Қытайда және Қазақ Елінде патенттеп, қолданысқа енгізіп үлгірді. Баланың жылаған дауысына қарай өздігінен тербелетін, 12 вольттық қуаттандырғышпен қозғала беретін бесік ойлап тапқан жас өнертапқыш көптеген жас қазақ отбасыларының мұқтаждығын шеше бастады.