Домой Жаңалықтар Жітіқарада сот шешімімен үш баланың анасының ата-аналық құқығы қалпына келтірілді

Жітіқарада сот шешімімен үш баланың анасының ата-аналық құқығы қалпына келтірілді

177
0

Қостанай облысының Жітіқара аудандық соты 1976 жылы туған азаматша Ш.-ның пайдасына сот шешімін шығарды. Осында үш жыл бұрын үш баласына қатысты ата-аналық құқығынан айырылған әйел қайтадан аналық бақытқа ие болды.  Сот оның 2004, 2005 және 2007 жылдары туылған балаларына қатысты ата-аналық құқығын қалпына келтірді.

Азаматшанның сөзінше, ол қазір ішімдік ішпейді, жұмысы бар, және де балалары өзімен бірге тұрып жатыр. Сотта Ш.-ның үлкен қызы анасының балаларға деген құқығының қалпына келтірілуін қалайтындығын, себебі оның түзелгенін, кіші інісі мен сіңілсіне қамқор екендігін айтқан.  Балалар оны жақсы көреді және бірге тұруды қалайды.

Бұған дейін кәмелеттік жасқа толмаған балалардың қорғаншысы болған әжелері де қызының тұзу жолға түскенін, бәрін түсінгенін, және де ішімдікті қойып жұмыс істейтіндігін, жақсы ана болуға тырысып жүргендігін айтқан.

Қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі сотта азаматша Ш.-ның өмір сүру салтын түпкілікті өзгерткендігін айтып, оның ата-аналық құқығын қалпына келтіруге қарсылық білдірген жоқ-деп хабарлайды облыстық сот.