Домой Жаңалықтар Қазақстанда жеке айыптау ісін азаматтық сот өндірісіне беру ұсынылуда

Қазақстанда жеке айыптау ісін азаматтық сот өндірісіне беру ұсынылуда

127
0

Қазақстанда жеке айыптау ісін азаматтық сот өндірісіне беру ұсынылуда.

Бұл жайында бүгін ҚР Жоғарғы сотындағы сот органдары судьяларының 2015 жылы сот төрелігін атқару қорытындысына арналған «Заң үстемдігін қамтамасыз ету — соттардың басты міндеті» атты кеңейтілген мәжілісінде белгілі болды-деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Жеке айыптаудың кейбір істерін әкімшілік құқық бұзушылыққа қайтару туралы мәселені қарау өзекті болып отыр», — деді Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин жиын барысында.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта жеке айыптау ісі қылмыстық өндіріске берілген.

«Көршілердің арасындағы кемсітушілік сипаттағы ертеректе орын алған жанжалды шешу үшін қылмыстық сот өндірісін жүгіну шынайы нәтиже бермейді. Мұнай құқық бұзушылықтардың қоғамдық қауіптілік деңгейі қылмыстық сот төрелігіне тартылғандардың салдарымен салыстыруға да келмейді», — деді А.Рахметулин.