2016 жылдың 19 — 21 тамызы аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында кешенді тестілеуді қайта тапсыру өткізілді. Бұл шара 37 базалық ЖОО-да орналастырылған тестілеу өткізу пункттарында болып өтті.
2016 жылдың 19 — 21 тамызы аралығында Қазақстанның барлық аймақтарында кешенді тестілеуді қайта тапсыру өткізілді. Бұл шара 37 базалық ЖОО-да орналастырылған тестілеу өткізу пункттарында болып өтті.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазАқпаратхабарлады.
Тестілеуге 41801 талапкер (қатысуға өтінім жасағандар саны — 45025) қатысты, оның 27306 — қазақ тілінде оқуға ниетті адамдар, 14495 — орыс тілінде оқуды таңдағандар.
Тестілеу нәтижелері бойынша төменгі балл деңгейіне 23778 адам (56,884%) жете алмады.
ҰБТ ережелерін бұзғаны үшін 104 талапкер тестілеуден шеттетіліп, олардың көрсеткен нәтижелері жойылды.
Биылғы жылы талапкерлерді моральдық-психологиялық тұрғыдан қорғап, олардың жоғары білім алу мүмкіндіктерін едәуір арттыратын икемді жағдайлар жасалғаны белгілі. ҰБТ және ТКТ нәтижелері бойынша ЖОО-да білім алу мүмкіндігін беретін ең төменгі балл деңгейінен аса алмаған талапкерлер тестілеуді ақылы негізде қайта тапсыра алатын болды.
Қайта тапсыру қорытындылары бойынша барлық қатысушы талапкерлерге тестілеу барысында алынған көрсеткіштері жазылған сертификаттар тапсырылды. Бұл құжат, талапкер ең төменгі балл деңгейінен асатын көрсеткішке қол жеткізген жағдайда, ЖОО-на ақылы негізде түсу мүмкіндігін береді.
До +30 градусов ожидается в Костанайской области
Суд в Костанае взыскал компенсацию за гибель коровы от удара током
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
