USD 476.07 EUR 541.86 RUB 6.08

Қостанайда нашақор жүргізуші екі адамның өліміне себепші болды

— 31.05.2016 12:17
Заглушка 375 - нет фото

Жексенбі күні Қостанай қаласының орталығында есірткіге елтіген көлік жүргізушісі жолаушыларға арналған жолда екі адамды қағып өлтірді. Жедел жәрдем қызметінің оқиға орнына бірден келіп жеткеніне қарамастан, дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады. ІІД-нің баспасөз қызметі 26 жастағы ер адамның оқиға орнында жан тапсырғанын, ал 23 жастағы қыз қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізіліп, сонда көз жұмғанын хабарлады. Бұл оқиғаға көп адам куә болған, деп жазады kstnews.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат.

Жас адамдар жолаушыларға арналған жолмен өтіп бара жатқан. Сол кезде Баймағамбетов көшесі жағынан «ZAZ Chance» көлігі жоғары жылдамдықпен келе жатқан. Куәгерлердің айтуынша, «ZAZ Chance» көлігінің жүргізушісі орталық көшеде басқа көлік жүргізушісімен жарысқан. Көлікті басқарған адам бірден ұсталды. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі жүргізушінің қарсылық танытпағанын атап өтті.

Жол апатына кінәлі адам медициналық куәландырудан өткен соң, оның қанында канабоидтер, есірткі болғаны анықталды. Аталған факті бойынша, ҚР ҚК-нің 345-бабы (Жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды.


Начислили 405 млн тенге, но суд отменил проверку: чем закончился спор костанайца с налоговой

Специализированный межрайонный административный суд Костанайской области рассмотрел спор индивидуального предпринимателя с Департаментом государственных доходов по...



Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.