Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 жастағы бозбалаға қатысты сот үкімін шығарды.
Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 17 жастағы бозбалаға қатысты сот үкімін шығарды.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, 2015 жылдың 24 маусымында Рудный қаласына тұрғын үй ауласында 1998 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған бала өзі қатарлас жасөспірімді кездестіріп қорқытып ақша талап еткен.
Туындаған келіспеушілікті, бопсалаушылықты құқық қорғау органдарының көмегінсіз өзі шешпек болған бала өз ренжітушісін өлтірмекке бел буған.
Ішімдік ішіп батылданған бозбала үйінен асханалық пышақ алып, өзін қорқытқан жасөспірімді іздеуге шығады. Көп ұзамай ақша бопсалаушыны тапқан. Оны оңаша шақырып алып кездесінің оң жақ тұсынан пышақ сұғып алады. Жарақаттанған жәбірленуші қашуға тырысқанымен көп ұзамай құлап қалады. Жарақат салдарынан оның әлсіреп жатқанынан көрген ол оқиға орнынан ізін суытқан. Жәбірленуші Рудный қалалық ауруханаға жеткізу кезінде қаза табады.
ҚР ҚК-нің 99 бабының 2 бөлімі 14 тармағы бойынша айыпты деп танылған бозбала сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Жазасын жалпы тәртіптегі түзету колониясында өтейтін болады. Бұл туралыҚостанай облыстық сотыхабарлайды.
Жаңалықтар - 02.02.26
РТН-подробности - Итоги 5 Курултая Народа Казахстана, Дмитрий Павленко
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
