Домой Жаңалықтар Қостанай облысында ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 107 млрд. теңгенің өнімін шығарды

Қостанай облысында ауылшаруашылық тауарын өндірушілер 107 млрд. теңгенің өнімін шығарды

90
0

Өткен жылы Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер 107 млрд. теңгенің өнімін шығарды, деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары  Базыл Жақыпов.Оның сөзіне қарағанда, өсім 6 пайызды құрады. Бұл 11 айдың мәліметі ғана. «Тағам өнімдерін шығарудағы өсім сүт өнімдерін, ет және тағамдық субөнімдер, шұжық, күнбағыс майын өндіруде байқалды, — деді Б.Жақыпов. — Сары май өндіру шамамен 3 есеге, өсімдік майының  60%, сүт — 20%,  йогурт — 30%, сыр мен ірімшіктің өндірісі 26% артты. Ет пен субөнімді шығарудағы өсім 22,1%, жарма өндіру 19,4% ұлғайды».

Өткен жылы Қостанай облысының АӨК 33 жаңа инвестициялық жобаны іске қосты.«Инвестжобалар өткен жылы 40 млрд. теңгеден астам өнімін шығаруға жол ашты, — деді Б.Жақыпов. — Индустриализация картасы аясында жүзеге асқан 52 инвестициялық жобаның 33 кәсіпорны жобаның 100 пайыздық қуаттылығын игерді».Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Мы есть в youtube социальных сетях ВК, в ОдноклассникиФейсбук и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.