Домой Жаңалықтар Қостанайда жаңа тағайындау

Қостанайда жаңа тағайындау

76
0

Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығының директоры қызметіне Құсна Рустамқызы Тұманова тағайындалды. Дүйсенбі күні облыс әкімі Нұралы Садуақасов аймақ әкімдігінде өткен жиында жаңа басшыны көпшілікке таныстырды.

Құсна Рустамқызы Тұманова Қостанай облысы Сарыкөл ауданының тумасы. 1993 жылы Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылық академиясын «экономикалық кибернетика», 2001 жылы Орталық Азия университеті Қостанай филиалын «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Педагогика ғылымдарының кандидаты.Қызметтік жолын А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да оқытушылықтан бастады. 2000 жылдан бері Қостанай аудандық АХАЖ бөлімінің бастығы, Қостанай аудандық әділет басқармасының бас маманы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы лауазымдарын атқарып келді.Бұл туралы «Қостанай таңы» хабарлайды.

Мы есть в youtube социальных сетях ВК, в ОдноклассникиФейсбук и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.