USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

20 мыңдық банкнотаны шығару қаншаға түсті?

— 02.12.2015 11:48
Заглушка 375 - нет фото

Қазақстан Ұлттық банкі 20 мыңдық банкнота шығарудың құны құпия ақпарат екенін айтты.
Қазақстан Ұлттық банкі 20 мыңдық банкнота шығарудың құны құпия ақпарат екенін айтты.
ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ақшалай белгілерді дайындаудың құны құпия ақпарат әрі өндірушінің коммерциялық құпиясы болып табылады.
Ұлттық банкте қосымша ешқандай шығындар болмайды. Банкноталар 2013 жылы шығарылған, сондықтан оны дайындауға қазір қосымша қаражат жұмсалмады.
Сақтау, тарату, бөлу және өңдеу үшін орталық банк қосымша қаражат жұмсамайды. Жаңа банкноталарды екінші деңгейлі банктер береді. Бұл қарапайым үдеріс және жаңа банкноталардың шығуы қосымша қиындықтарды тудырмайды.
Екінші деңгейлі банктер клиенттерге қызмет көрсету үшін өз банкоматтарын осы банкнотаға икемдеуі тиіс. Бұл үшін көп уақыт кетпейді. Алайда купюра қабылдайтын аппараттарды икемдеуге бірақ уақыт жұмсалады. Өйткені техниканы түрлі сападағы купюраны тануға «үйрету» керек.
Банкнотада машина оқитын тексерілген және сенімді және қорғалатын элементтер қолданылды. Банкнотаның ескіруіне қарамастан, ол өз қасиетін жоймайды.Бұл туралыҚазақпаратхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.