Бұрын соңды істі болмаған Қостанай қаласының тұрғыны ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлімі (кісі өлтіру) бойынша айыпталған болатын.
Алайда, соттық тергеу барысында сотталуышының әрекеті ҚР ҚК-нің 102 бабына (қажетті қорғану шегін асыра пайдалану кезінде жасалған кісі өлтіру) қайта дәрежеленді.
Қылмыстық іс материалдары бойынша, осы жылдың 14 маусымында А.Каяфа, оның інісі, танысы У және таныс әйел Ж. барлығы бірге ішімдік ішкен. Отырыс барысында ағайында Каяфалардың орталарында отырған Ж.-ны бір-бірінен қызғануы салдарынан кикілжің туындайды. Жанжал барысында ағайындылардың кішісі үстел үстіндегі пышақты қолына алып сес көрсете бастаған. Оңтайлы сәтті пайдаланған А.Каяфа інісінің қолынан пышақты алып, оның кеуде тұсына сұғып алады. Жарақаттан жәбірленуші оқиға орнында қаза тапқан.
Сот А.Каяфаға екі жыл бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады-деп хабарлайдыҚостанай облыстық соты.
Выпуск ТВ-новостей - 28.01.26
Danone отзывает детские смеси из-за риска токсина
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
