Қостанай облысында халықтың үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде діни ахуал тұрақты. Бұл туралы кезекті баспасөз мәслихатында облыстық дін істері басқармасының басшысы Нұриқан Нөгербеков мәлімдеді. Журналистермен өткен жиында басқарма тарапынан қолға алынған жұмыстар мен аймақтағы діни мәселелер сөз болды.
Өңірде 112 діни бірлестік тіркелсе, оның ішінде 34 ислам, 34 христиандық православие, 4 христиандық католик, 39 христиандық протестанттық, 1 дәстүрлі емес діни бірлестік бар. Діни бірлестіктердің қарамағында 98 ғибадат үйлері бар. Олардың 34-сі мешіт, 30-ы орыс православие шіркеуі, 4-і католиктердің костелдары, 30-ы құлшылық үйі. Қазір облыста діни әдебиеттерді сатуға рұқсат етілген 2 нысан жұмыс істейді.
Басқарма басшысы журналистер тарапынан түскен сауалға орай берген жауабына сай, еліміздегі діни ахуалдың соңғы жылдары күрделене түскені жасырын емес. Содан болар дін мәселесі қазіргі қоғамның жиі талқылайтын өзекті тақырыбына айналып отыр. Діни басқарма сауалнама жүргізген тұрғындардың 82 пайызы өңірде конфессияаралық қатынас жоғары деңгейде деп бағалайды. Осы мәліметтерден қазақстандық қоғамда толеранттылық үстемдік құрғанын көруге болады.
Выпуск ТВ-новостей - 02.02.26
Жаңалықтар - 02.02.26
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
