USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Рудныйда «Алтын қор — 2015» байқауы өтті

— 03.12.2015 10:09
Заглушка 375 - нет фото

Рудный қаласында Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары арасындағы «Алтын қор – 2015» кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.
Рудный қаласында Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары арасындағы «Алтын қор – 2015» кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті.
Оған «ССКӨБ» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ, «Евразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Шұбаркөлкөмір» АҚ, «Транском» ЖШС, «Қазхром ТҰҚ» АҚ-ның Ақтөбе мен Ақсудағы ферроқорытпа зауыттарынан келген 40-қа тарта жұмыскер қатысып, 7 мамандық бойынша білімі мен білігін сарапқа салды.
Бірінші кезеңде қатысушылар күнделікті жұмысы мен еңбек қауіпсіздігіне қатысты теориялық сұрақтарға жауап берсе, практикалық кезең ешкімге оңай соққан жоқ. Себебі, ұйымдастырушылар сайыскерлер үшін асқан кәсіби шеберлікті, ептілік пен өжеттілікті талап ететін қызықты тапсырмаларды даярлап қойған еді. Байқау қорытындысы бойынша «Қазхром ТҰҚ» АҚ темір ұстасы Серік Ниязғұлов, «Қазақстандық электролиз зауыты» АҚ  кран машинисі Мария Шибитова, «Қазхром ТҰҚ» АҚ экскаватор машинисі Юрий Калиничев, «Қазақстан Алюминийі» АҚ бульдозер машинисі Сергей Вейде, «ССКӨБ» АҚ үш бірдей жұмыскері: электр-газбен дәнекерлеушісі Феликс Гавриков, электр-жөндеуші Дмитрий Туник пен ауыр жүк көлігін жүргізуші Сергей Гупалов өз мамандықтары бойынша үздік атанды. Жеңімпаздар 500 мың теңге, ал жүлдегерлер 200-300 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйлықтарға ие болды.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.