
Қару сақтаудың талаптары күшейтіледі.
Қару сақтаудың талаптары күшейтіледі.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев мәлім етті, деп хабарлайдыҚазАқпарат.
«Ақтөбедегі оқиғадан байқалғандай, қару-жарақ дүкенін лаңкестер басып алғанда қарулар атысқа дайын болып шықты. Бүгінде қару айналымы туралы заңнамаға қару-жарақ толық жасақталған күйінде сақталмауы туралы нақты талап енгізіледі. Яғни, мылтықтың серіппесі бөлек, қару басқа жерде және оқ-дәрілер де бір орында сақталуы қажет. Сонымен қатар қару-жарақ дүкендері адамдар көп жиналатын орындарда болмауы тиіс деген нормалар ескерілуде. Бұл — қатаң талап»,-деді М. Қалқабаев тілшілерге берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, қару-жарақ дүкендеріне нысандары тиісті талаптарға сәйкес келмесе, онда олар басқа ғимаратқа көшуі немесе мүмкіндігі болса жаңа нысан салуы қажет болады.
«Әрине, жаңа талапқа сәйкес, олар тиісті көлемде қаржы шығындайтыны белгілі. Бізде қару-жарақ дүкендері бизнесінің сегменті үлкен емес. Алайда, біз қару-жарақ айналымына арнайы мемлекеттік бақылауды енгізіп отырмыз. Атап айтқанда, бұл тұрғыда мемлекеттің қатаң бақылауы ескеріліп отыр және осыны дұрыс түсіну керек»,-деді.
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.