1 шілдеден бастап шетелдік телеарналар эфирінде жарнама көрсетілуіне салынған тыйым күшіне енеді.
1 шілдеден бастап шетелдік телеарналар эфирінде жарнама көрсетілуіне салынған тыйым күшіне енеді.
Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді-деп хабарлайдыbaq.kz.
Естеріңізде болса, бұл заң 2015 жылғы қазан айының соңында қабылданып, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енуі қажет еді.
Алайда, кабельдік операторлар тарапынан норманың іске асырылу мерзімін ұзартуға қатысты көптеген өтініштер түсіп, мемлекет кабельдік операторлардың жағдайын түсініп, дайындық уақытына жарты жыл берді.
Дәурен Абаевтың айтуынша осы уақыттың ішінде шетелдік телеарналармен тікелей келіссөздер жүргізілді. Олардың кейбіреуі қазірдің өзінде жарнамасыз контентті ұсынып отыр. Бұған Viasat тобының рейтингілік арналарын (TV 1000, Explore, History, Viasat Sport және т.б.) мысалға келтіруге болады.
Ал, шағын абоненттік базалары бар кабельдік операторлар болса 1 шілдеден бастап отандық заңнаманың нормаларын орындамайтын арналарды өшіруге немесе ауыстыруға міндеттеледі.
Бүгінде әртүрлі кабельді желілер арқылы 150 телеарнаны көріп отырмыз, оның ішінде 70% — шетелдік. Оларға еліміздің «Телерадиохабар тарату туралы», «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарында қарастырылған көп шектеулер қойылмайды. Бұндай жағдай отандық телеарналар мен шетелдік телеарналар арасында теңсіздік орнатуда.
Осылайша, отандық арналар жарнамалық нарық қаражатының қомақты бөлігін ала алмаған. Бұл ақшаға отандық телевизияның жағдайын жақсартып, инфрақұрылымды дамытып, қызықты әрі сапалы қазақстандық бағдарламалар, фильмдер, сериалдар мен шоулар жасауға болар еді.
Молодые врачи не хотят работать: в Костанайской области усиливается кадровый кризис
Триатлон-парк превратился в огромную фотолокацию с тюльпанами
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
