Көктемнің келуімен қыруар жұмыстың да басы қылтиды. Осыған орай қалада екі ай тазалық айлығы жарияланған болатын. Қостанай облысы әкімдігінде өткен мәжілісте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала, аудан басшыларына арнайы тапсырма жүктеп, атқарылған жұмыстарға орай қажетті есеп алып отырады.
Көктемнің келуімен қыруар жұмыстың да басы қылтиды. Осыған орай қалада екі ай тазалық айлығы жарияланған болатын. Қостанай облысы әкімдігінде өткен мәжілісте облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала, аудан басшыларына арнайы тапсырма жүктеп, атқарылған жұмыстарға орай қажетті есеп алып отырады.
Биыл тәуелсіздікке — 25, Қостанай облысының құрылғанына — 80 жыл. Мерекені тап-тұйнақтай қарсы алу үшін қала көркін келтіру қажет. “7 сәуірден басталған сенбілік 30 мамырға дейін жалғасады. Осы аралықта барлық қоқыс тастайтын жерлер тегін жұмыс істеулері керек. Әйтпесе қоқысты айдалаға тастай салуы да мүмкін. Бұл екі жұмыс болары сөзсіз” деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Санитарлық тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,4 млрд. теңге бөлінген. Қазіргі экономикалық жағдайға қарай осы бөлінген қаражатты үнемдеп жұмсап, бастысы проблемалы жерлерге назар аудару қажет. “Көркейе бер, Қостанай” акциясы аясында кәсіпкерлерді жұмылдыру міндеті тұр.
Ауылды жерлерде қаңғыбас иттер мен малдарды тиып, сауда орындарындағы тазалықты қадағалау басты назарда. Облыс аймағындағы он орман шаруашылығы ағаш көшеттерін өсіруде. Елді-мекенді көгалдандыру үшін түрлі-түрлі көшеттерді Қостанай және Таран аудандарындағы орман шаруашылықтары дайындайды. Қала сыртындағы орман шаруашылықтары көктем науқанында 30 мыңнан астам көшет дайындаған, оның біреуі – 400 теңге, ал сүмбіл терек – 600 теңге. Былтырғы жылы облыс бойынша 62 мың көшет отырғызылған. Енді осы көрсеткішті 20%-ға ұлғайту міндеті қойылды-деп хабарлайды«Қостанай таңы».
Костанайская область готовит масштабное обновление Генпланов городов
Кумар Аксакалов потребовал сократить визуальный шум в городах
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
