USD 474.04 EUR 555.01 RUB 6.45

Ақтөбеде сойқан салған содырлардың тізімінен қате кеткенін министр мойындады

— 24.06.2016 11:21
Заглушка 375 - нет фото

Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар террористетдің тізімінен қате кеткенін Ішкі істер министрінің өзі мойындады. Қалмұхамбет Қасымов жақында содырлардың аты-жөнін қайта жариялаймыз деді.
Ақтөбедегі қанды қырғынға қатысы бар террористетдің тізімінен қате кеткенін Ішкі істер министрінің өзі мойындады. Қалмұхамбет Қасымов жақында содырлардың аты-жөнін қайта жариялаймыз деді.
Бас полицейдің айтуынша, министрлік таратқан ресми ақапартқа интернетте жүрген лаңкестердің тізімі сай келмейді екен. Қазір Ақтөбедегі қанды оқиғаны Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеп жатыр. Қорытындысы шыққан соң содырлардың аты-жөнін қайта жарияланбақ. Өйткені, түсініксіз жағдайда террористердің тізіміне Байнасай ауылындағы мектептің 11-шы сынып оқушысы Сағынған Сейітқали де еніп кеткен. Ал, Ақтөбе қаласының тұрғыны Данияр Уайсов болса, өзін полицейлердің қолынан қаза болған лаңкестердің қатарынан көріп, талып қала жаздапты.
Естеріңізге сала кетейік, 5 маусым күні бір топ қаскөй Ақтөбедегі қару сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуыл жасаған. Содырлардың қолынан сегіз адам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды. Ал, 9-ы тірідей ұсталған болатын. Бұл туралыbaq.kzхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.