USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

«Алтын адам» – Қостанайда

— 21.10.2016 12:29
Заглушка 375 - нет фото

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Қостанайға жетті. Бұл акция осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе,  Атырау,  Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Семей, Өскемен, Көкшетау, Петропавл қалаларында өткізілген.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени саяхаты Қостанайға жетті. Бұл акция осы уақытқа дейін Орал, Ақтөбе,  Атырау,  Ақтау, Қызылорда, Шымкент, Павлодар, Семей, Өскемен, Көкшетау, Петропавл қалаларында өткізілген.
Зерделі тарихымыз бен ұлттық құндылықтарымызды кеңінен насихаттайтын шара Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінде ұйымдастырылды. Тың жобаға қызығушылық танытқандар қатары көп. Олардың арасында елімізге танымал тарихшылар мен мәдениет қайраткерлері де болды. Еліміздің батыс өңірінен бастау алған жоба барысында жиылғандарға 3Д графикалық бейнеороликтер ұсынылды.
Енді қала тұрғындары мен қонақтары  бағалы мұрамен жақынырақ танысып, естелік суретке түсе алады. Сондай-ақ, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Қалқаман Жақып «Алтын адамды» қазақ өркениетінің шыңы деп бағалады.
ҚР Ұлттық музейінің жоба жетекшісі Ардақ Қожатаеваның айтуынша, көрмеге кіру ақысыз. Қарасаң көз тоятын бұл жәдігер Қостанайда үш күн бойы тұрады. Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.