USD 511.26 EUR 597.61 RUB 6.32

Арқалықта үш мешіт саудаға қойылды

— 27.10.2016 11:25
Заглушка 375 - нет фото

Арқалық бизнесмені Болат Әбдібеков өз иелігіндегі үш мешітті саудаға қойды, деп хабарлайдыҚазАқпаратжергілікті «Қостанайские новости» басылымына сілтеме жасап.
Басылымның жазуынша, Әбдібеков — «Құралай» құрылыс компаниясының иесі. Оның компаниясы жергілікті биліктің тапсырмасы бойынша үш мешіт салған. Құрылыс 1992 жылдан 1999 жылға дейін жүргізілген.
Алайда, тапсырыс берушілер құрылыс компаниясына тиесілі қаражатты төлемеген. Көпке созылған сот отырыстарында дау тудырған. Ғимараттарды Әбдібековтың иелігіне көшіру шешімі қабылданды. Бірнеше жылдан кейін ол бір мешітті сататынын, ал 2013 жылы екі мешітті сататынын хабарлаған.
Діни бағытта пайдалануға арналған үш ғимаратты да сататыны туралы қазір белгілі болып отыр. Қазір жылжымайтын мүліктерді сату бойынша онлайн-ресурстарда ұсынылған бағасы төмендегідей: Арқалықтағы мешіттің құны — 180 миллион теңге, Амантоғай кентіндегі мешіттің бағасы 50 миллион теңге, Торғай кентіндегі Алла үйінің бағасы 94 мың АҚШ доллары. Сатушы бағаны түсіруге дайын екенін айтты.


400 сим-карт и десятки устройств: в Костанайской области выявлен активатор номеров для интернет-мошенников

Сотрудники Департамент полиции Костанайской области выявили 26-летнюю жительницу региона, которая занималась активацией сим-карт для интернет-мошенников....



Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.