ҚР халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың,Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, өнертану профессоры, басбалетмейстрБолат Аюханов өз труппасымен бірге Қостанай қаласына келді.
ҚР халық әртiсi, Мемлекеттiк сыйлықтың,Халықаралық Сократ сыйлығының иегері, өнертану профессоры, басбалетмейстрБолат Аюханов өз труппасымен бірге Қостанай қаласына келді.
«Турист» қонақ үйінде өткен жиында Болат Ғазизұлы тілшілер қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Қазақ балетінің королі Болат Аюханов «Алматы жас балеті» классикалық би ансамблін құрған. Оның жеке қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Ол жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген.
Қала тұрғындары атақты балет труппасының жеті спектаклін тамашалайтын болады. Олардың арасында Жорж Бизе мен Родион Щедриннің «Кармен-сюитасы», Камиль Сен-Санстың шығармасы желісіндегі «Суретші мен аққу» балеттері де қойылады. Сондай-ақ, Болат Аюхановтың балет туындыларына «Кармен», «Аққу көлі», «Мастер және маргарита» да кіреді. Жұрт асыға күткен «Мефистофель. Фаусттың аздыруы» тұсаукесері Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өтеді. Труппа құрамында Дияр Әкенов, Мәди Қасымов, Ильзат Аухадиев, Жанар Көшербаева сынды тәжірибелі әртістер бар.Бұл туралы«Қостанай таңы»хабарлайды.
Вирус Нипах остаётся без вакцины: смертность достигает 75%
Коммунальные аварии в Костанае: временные отключения воды и тепла
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
