Қазақстанда 1 млн еркек бала көтертуге қауқарсыз. Мұндай деректерді Қазақстан репродукция медицинасының қауымдастығы келтірді.
Қазақстанда 1 млн еркек бала көтертуге қауқарсыз. Мұндай деректерді Қазақстан репродукция медицинасының қауымдастығы келтірді.
2015 жылғы көрсеткіш бойынша бала тууға қабілетті адамдардың 10-15%-ы бедеуліктің түрлі формасына шалдыққан. Оның ішінде баласыз отбасылардың 48-50%-ы ерлердің денсаулығына байланысты перзент сүйе алмай отыр.
«Әлемдік проблемаға айналған ерлер денсаулығының нашарлауы біздің елде де бар. Біздің орталыққа 1 жылда перзентке зар 1500 отбасы келеді. Жүргізілген тексерулерге орай олардың 50%-ында ерлердің денсаулығынан ақау шығады. 20%-ында репродуктивтік технологиялардың көмегі қажет. Менің айтарым, әйелдердегі бедеулікті 70% жағдайда емдеуге болатынын айтқым келеді. Тек ертерек дәрігерге көріну керек», — деді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының вице-президенті Алмагүл Ахметова.
Маманның айтуынша, мұндай көрсеткішке ерлердің ішімдік, темекіге салынып, салауатты өмір салтынан алыстап кеткені себеп болып отыр-деп хабарлайдыҚазАқпарат.
В Костанае планируют отремонтировать фасады и кровли 24 многоэтажных домов
В Костанае усиливают контроль за внешним видом зданий
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
