ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 18 сәуірден бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау ассоциациясымен (ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ету) және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасапҚазАқпарат.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 18 сәуірден бастап Қазақстанның биоəртүрлілігін сақтау ассоциациясымен (ғылыми жұмыстарды қамтамасыз ету) және «Қазавиақұтқару» АҚ-мен бірлесіп Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциялары киіктеріне кезекті әуе санағын жүргізуде
Ақбөкендердің көшіп-қону мекендері бойынша қорғау жұмыстарын күшейту мақсатында киіктердің төлдейтін мекендері «Ырғыз-Торғай» және «Алтын дала» екі мемлекеттік табиғи резерваттарының инспекторларын қайта топтастыру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, киіктерді қорғауды қамтамасыз етудің практикалық шараларымен қатар ұйымдастырушылық жұмыстары да жүргізілді. Орал популяциясын қорғау үшін Орал қаласында «Охотзопром» оралдық бөлімшесі ашылды. Бетпақдала популяциясын қорғауды қамтамасыз етуді Ақтөбе және Астана қалаларындағы жергілікті Батыс және орталық филиалдар жүзеге асырады.
Сонымен қатар браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін «Охотзопромда» жол талғамайтын көлігі бар тәжірибелі инспекторлардан құралған 6 арнайы жұмылдыру тобы құрылды. Мәселен, 2014 жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бағынысты ұйымдарының инспекторлары рейдтік іс-шара жүргізу барысында браконьерлік және киік мүйіздерін саудалау бойынша шамамен 79 факті, ал 2015 жылы 107 оқиғаны әшкереледі.
Киіктерді қорғау шаралары қаншалықты ұтымды әрі оперативті жүргізілгенімен, ҚР АШМ өткен жылғы киіктердің жаппай қырылуының қайталанбасына қатты алаңдаушылық танытып отыр.
Костанайская область готовит масштабное обновление Генпланов городов
Кумар Аксакалов потребовал сократить визуальный шум в городах
Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.
