USD 526.02 EUR 607.55 RUB 6.5

Қазақстанда жеке құрылыс салушыларды қолдауға биыл 97 млрд. теңге бағытталады

— 15.02.2016 13:59
Заглушка 375 - нет фото

Қазақстанда жеке құрылыс салушыларды қолдау үшін 2016 жылы «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 97 млрд. теңге бағытталады.  Бүгін  Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
Қазақстанда жеке құрылыс салушыларды қолдау үшін 2016 жылы «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 97 млрд. теңге бағытталады.  Бүгін  Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.
Оның айтуынша, биыл Астана мен Алматыда бір шаршы метр тұрғын үйдің құны 240 мың теңгеден аспайды, ал қалған өңірлерде  — 200 мың теңге деңгейінен жоғарыламайды.
«Құрылыс салушыларға қойылатын негізгі талаптарға тоқталатын болсақ, тартылған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен жер телімінің және мемлекеттік сараптамамен жобалау-сметалық құжатнаманың болуы, 20 пайыздық жеке капиталының қатысуымен кірісуі қамтылған», — деді министр.
Аталған бағыт бойынша 2016 жылы 404 мың шаршы метр тұрғын үй салынбақ.Бұл туралыҚазАқпаратхабарлайды.





Мы есть в YouTube и в Google News, в социальных сетях ВК, Одноклассники, Фейсбук, Tik Tok и Инстаграм. Хотите получать новостную рассылку? У вас есть новости: фото, видео? Наш номер в WhatsApp и Telegram 8-707-558-35-13. Отправляйте заявку, мы добавим ваш номер в рассылку.